Жарнама
Жарнама

БАЛАЛАР ФУТБОЛЫНЫҢ КӨСЕГЕСІ КӨГЕРМЕЙ ТҰР

11.11.2011, 23:59
Жарнама
Жарнама

Адамға көзі тірі кезінде шын бағасын беру ұлттың ұлылығын, ұрпақтың ұлағатын танытса керек. Алматыда қазақ футболындағы нар тұлға Тимур Сегізбаевтың атындағы футбол академиясы ашылды. Бұл біздің аяқдоп тарихында бұрын-соңды болмаған жағымды жаңалықтың бірі. Өйткені аталмыш академияға былғары допты уақытша ермек еткендер емес, өмірлік серік еткісі келген талантты жас футболшылар шақырылады. Олар осы академиядан футболшы ретінде аяқтанып шықпақ. Қазіргі құраманың қарадүрсін ойынынан опынған қазақ жанкүйері қазақ футболшыларының қарымын сынап-мінеуден әбден шаршады. Иә, «сын түзелмей, мін түзелмейді». 

Әлі де сынармыз. Десек те, бас құрамадағы жігіттердің доп тебудегі шорқақтығы ертеңгі күні олардың артынан еріп келе жатқан шәкірттерге пәле боп жабысса қайтпекпіз? Бәлкім қазірден ойлану қажет шығар. Мазасыз сауал Тимур Сегізбаевтың да жанын жегідей жейтін болу керек, академияның ашылу салтанатында, даңқты футболшы көкейіндегі күйікті ашып салды.

– Қазақтың футболында «гастарбайтерлердің» қолы жүріп тұр. Олар қазақтың футболындағы ақшаны сауып жатыр. Оны қойып, олардың азаматтық алатындарын айтсаңшы! Азаматтық ала сала құрамада ойнағысы келеді, ойнап жүргендері де бар. Құраманы ермек көреді, Еуропа алаңдарында алты минутқа болса жүгіріп қайту үшін баратын сияқты… Құрамамыздың тең жартысы өңкей келімсек. Осы жиырма жылда тәп-тәуір доп тебетін 20 жігітті даярлап шығуға болар еді. Бірақ футболдың құнын құнттамадық. Доп тепкісі келетін балалардың арманы да алысқа бармайды. Өйткені алаң жоқ, доп жыртық. Мұндай жайттарға көз жұма қарауға болмайды. Даңқты футболшының дегені біздің ойымызды да дөп басты. Балалар футболының кенжелеп қалу себебінен бүгінгі қазақ футболында жеткілікті дәрежеде жүргізілетін буын алмасу үрдісі жоқ. Балаларды аяқдопқа бейімдейтін спорт мектептері бар да шығар, бірақ солардың отандық футболға сүбелі үлес қосып отырғанын байқай қойған жоқпыз. Қалаларда заманауи жасыл алаңдар да бар. Дегенмен әлі де артта келеміз. Жеткіншек аяқдопшылардың немен айналысып, немен тыныстап жүргені бізге белгісіз. Ал алыс шетел тұрмақ, мынау іргедегі Өзбекстанда ойын өрнегінде оты бар талантты футболшыларды бала жасынан баптайды, жетектейді, жетілдіреді. Бізде оларға бағыт-бағдар беретін бапкерлердің жағдайы да жетісіп тұрған жоқ. Айта кетелік, Т. Сегізбаев атындағы академияның ашылуына Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мұрындық болды. Сәті келгенде, көңілімізді күпті қылған сұрақтарды аталмыш білім орнының футбол және хоккей кафедрасының меңгерушісі Мұхтар Есқалиевке қойдық. – Бұл тек спорт клубы ғана емес біз одан биік тұрмыз. Өйткені негізгі бағдарымыз болашаққа бағытталған. Қазақ футболына үлес қоса алатындай жастарды тәрбиелеп шыққымыз келеді. Академияға қабылданған жеткіншектер футбол өнерімен, оның қыр- сырымен толықтай танысады. Жүйелі, кешенді жұмыстар жүргізіледі. Тек Алматының айналасында шектеліп қалмақ емеспіз. Таңдау да талапқа сай жүргізіледі. Балаларды 7-8 жастан бастап қабылдаймыз. – Қазақ футболының тасын өрге домалату үшін не істеліну керек осы? – Теңбіл допты түзу тебер футболшыларды тәрбиелеп шығаруымыз керек. Шынымды айтайын, біздің футболға қарасам намыстан жанып өле жаздаймын. Құрамамызда харизмалы тұлға жоқ қазір. Өйткені ұлттық кадрлер жетіспейді. Ойыншыларымыз алаңға жеңеміз деп емес, 90 минутқа шыдап бақсақ деп шығатын сияқты… Бізге уақытша нәтиже керек емес. Футболымыздың дамығаны керек. Иә, мұнымен толықтай келісеміз. Осы жерде заңды сұрақ туады. Неге олай? Сайып келгенде барлығы төменнен басталады екен. Балалар футболын дамытсақ қана, дәстүр сабақтастығы жалғаспақ. Әйтпегенде әлі талай жыл біздің футбол келіс­мектерден көз ашпайтын боламыз. ДЕГЕНДЕЙ… Болат ЕСМАҒАМБЕТОВ, футбол ардагері, бапкер: – Біздің қазақы менталитет те қызық қой. Ата-аналар әлі күнге дейін аяқдопқа «доп ойнаған тозар» деп қарайды. Балаларын тым құрымағанда дене тұрқын жетілдіру үшін футболға бергісі келмейді. Оның үстіне отандық футболға деген мемлекеттің орашолақ көзқарасы, балалар футболының жетілуіне кедергі келтіріп отыр. http://dmk.kz/?p=9733#more-9733
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров