Марио Болотелли! Бір өзі бүкіл бір әлем. Футболға аяқ басқан жылдары Италиядағы папарацилердің негізгі жұмыс орны болды. Енді ол "Интерден" "МС" сапына ауысысымен ағылшындық БАҚ өкілдеріне тірлік табылды. Алаңдағы іс-әрекеттері мен күнделікті тіршілікте Марио өзіндік жүріс-тұрысымен елдің назарын бірден жаулап алды. Жол көлік апаты, супермаркеттегі күзетшімен қақтығыс, таксисттермен жасалынған келісім, бапкермен төбелес, ерегестер барлығы да Марионы алаң сыртындағы жұлдызға айналды. Жасыл алаңда да ол тәртіпті жігіт болып жүргені де шамалы. Сонымен, фототоптамаға зер салыңыз, ағайын!
Тамыз 2010. "Интерден" "Манчестер Сити" сапына ауысқан Балотелли бірден Англиядағы БАҚ өкілдерінің назарына ілікті. Оның керемет Аudi R8 автокөлігі BMWмен соқтығысты. Бес мың ақш доллары айыппұлын төлеп, әрең құтылды әйтеуір. Қараша 2010. Балотелли алғашқы Англиядағы голын "Ньюкасл" қақпасына соқты. Сондай-ақ тура осы ойында ол қызыл қағаз алып, алаңнан да қуылды. Юссуфа Мулумбуды бір теуіп құлатқан Марио үшін бұл үйреншікті жәйт болатын. Желтоқсан 2010. Роберто Манчини Балотелли тарапына ауыр сөздер бағыттады. "Джек Уилшер деген футболшыны бұрын естімеппін" деген сыңайдағы сөздерін тоқтатпаса, командадағы ішкі көңіл-күйді бүлдіреді деген болатын бапкер. "Әлемдегі ең үздік жас ойыншы" деген атақты да Марио дәл сол Уилшерге беріп қойды. Ал, шын мәнісінде Марио Джекті танымайтын да, ол туралы естімеген де еді. Наурыз 2011. Марионы "СИТИ" командасының екінші құрамдағы жас ойыншылары сыйлай бастады. Балотелли "Сити" ойыншыларына дартс ойынындағы ұшы үшкір қадауды лақтырумен айналысқан деген әңгіме расқа айналды. Наурыз 2011. Кезекті қызыл қағазын Балотелли киевтің "Динамо" командасына қарсы өткен кездесуде алды. Шілде 2011. Балотелли жасаған ерліктердің "шыңында" оның "ЛА Гэлэкси" командасына қарсы өткізген кездесуінде орын алды. Бас бапкер осы оқиғадан кейін оны бірден Джеймс Милнерге ауыстырды. Ол жағдайды төмендегі бейнебаяннан тамашалай аласыздар. Қазан 2011. "Неге үнемі мен?" - деген сауал тастады жанкүйерлерге Марио. Өз үйінің жуынатын бөлмесінде отшашу жасап жүрген ойыншы "Юнайтедке" қарсы өткен матчта жасаған осы қылығы бүкіл әлемге таралды. Қараша 2011. Үшінші қызыл қағаз да ұзақ күттірмеді. Бұл жолы Балотелли "Ливерпульмен" болған ойында көзге түсті. 21-жасар жас ойыншының қылығы жас баланың іс-әрекеттеріне де ұқсамайтыны сөзсіз . Қаңтар 2012. Марио "Тоттенхэммен" болған ойында Скот Паркердің басын мыжып кетті. Сәуір 2012. Англия премьер-лигасы аяқталар тұста "Сити" "Арсеналмен" кездесті. Бірінші таймда Балотелли Александр Сонгты қатты шалып жықты, бірақ төреші тек сары қағазбен ғана шектелді. Ал негізі бұл жағдай қызыл қағазға да татитын. Десе де, Балотелли әділдікті өзі орнатты, Бакари Саньяны есінен тандырып жіберіп, алаңнан қуылды. Ойыннан кейін Роберто Манчини: Балотеллидің "Сити" үшінбұл соңғы ойыны деген болатын. Қаңтар 2013. Балотелли жаңа жылдан кейін бірден Роберто Манчинимен ерегесті. Бұл жағдайдың шешімі әлі шыға қойған жоқ. Шешімін алдағы уақытта күтеміз.Біздің серіктес: FONBET