«Ливерпульдің» шабуылшысы Марио Балотелли «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесуде Крис Смоллингпен төбелескісі келгені болатын. Алайда «мерсисайдтықтардың» жанкүйерлері италиялық мінезді ойыншыны ұстап қалды. Кейінірек СуперМарио фанаттарға алғысын айтты.
Естеріңізде болса, кездесудің 79-шы минутанда Балотелли мен Смолинг допқа таласып, соңырақ екеуінің арасында төбелес орын ала жаздады. Дегенмен жағдайдың мән-жайын уақытында түсінген жанкүйерлер Марионы ұстай жөнеледі. Сол кезде «Ливерпуль» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Оның үстіне, Стивен Джерард қызыл қағаз алған болатын.
Матчтан кейін Марио Балотелли Фейсбукте жанкүйерлерге алғысын айтты: «Қанша тырысқанымызбен, жеңіске жете алмадық. Бірақ бір нәрсені анық білемін: мен алаңда жалғыз болмадым».