Жарнама
Жарнама

Балотеллидің «Ливерпулде» де бағы жанбады

25.12.2014, 21:10
Жарнама
Жарнама
«Ливерпульдің» бас бапкері Брендан Роджерс жазда ғана команда ауысып келген италиялық шабуылшы Марио Балотеллидің жаңа командада біраз қиындықтарға тап болғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, «жұлдызды» футболшы Англия веце-чемпиондарының ойын мәнеріне әлі де болса бой үйрете алмауда. Брендан РОДЖЕРС. «ЛИВЕРПУЛЬ» ФК БАС БАПКЕРІ «Меніңше оның өнері біздің ойынымызбен үйлеспейді. Ол өзін көбіне айып алаңында немесе соған жақын маңда ғана жақсы көрсете алады. Мариомен біраз уақыт жұмыс істеп осыны ұқтым. Қарсыластарға үнемі прессинг жасап жоғары деңгейде қысым көрсету оның табиғатына келмейтін секілді. Бірақ, біз футболшыларымыздың алаңда бар күш-жігерін салғанын қалаймыз. Бұл біздің басты мақсатымыз» Балоттелли «Ливерпуль» сапында ағылшын премьер-лигасында 10 ойынға қатысып бірде-бір гол соға алмады. Одан бөлек  ол чемпиондар лигасында да үш матчқа қатысып, бір рет мергендігімен көзге түссе, Лига кубогындағы екі ойында бір голдың авторы атанды. «Ливерпуль» премьер-лигадағы келесі ойынын 26 желтоқсанда сырт алаңда «Бернлиге» қарсы өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров