Жарнама
Жарнама

Балотеллидің туған інісі полицейге шабуыл жасағаны үшін абақтыға қамалды.

25.12.2012, 03:06
Жарнама
Жарнама
«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Марио Балотеллидің туған інісі Энох кеше түнде көшедегі төбелестің арасында 2 полиция қызметкерін соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. II Giornale di Brescia-ның мәлімдеуінше 20-жастағы Энох түнгі сағат 2-де көше төбелесіне қатысқан. Оқиға үстіне келген полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатпақ болған. Алайда, ағасының ізін енді-енді жалғастырып келе жатқан жас футболшы 2 полицеймен алыса кеткен. Енді ол тәртіп сақшыларына шабуыл жасағаны үшін қамауға алынып отыр. Футболшының өзі қолымен істеген іс-әрекетінің бәрін жоққа шығарып отыр. Естеріңізге сала кетсек, қабағынан қар жауатын ағасы Марио да төбелестен кет әрі футболшы емес.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров