Магомед Адиев баптайтын “Крылья” командасы ішкі чемпионаттағы кезекті ойынын өткізді.
Самарадағы өткен матч алдында алаң иелері ойынның нақты фавориті саналған. Алайда ішкі чемпионатта бұған дейін “Спартакты” 3:0 есебімен ұтып, “Динамомен” 1:1 есебімен тең түскен болатын. Осындай нәтижелерден кейін “Балтика” бүгінгі матчтада Адиев шәкірттеріне қарсы лайықты өнер көрсетті (1:1). Тіпті кездесу барысында қонақ команда “Крылья” футболшысы Сергей Бабкиннің алаңнан қуылуына себепкер болды.
Ендігі матчын Адиев командасы 13 тамыз күні Ресей Кубогы аясында “Сочиге” қарсы өткізбек. Ал “Балтика” болса, дәл сол турнирде “Локомотив” Мәскеумен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET