Жарнама
Жарнама

Бапкер

10.05.2013, 21:44
Жарнама
Жарнама

Мәңгілік алау. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнінің қарсаңында мәңгілік алауға гүл қойып тұрып, соғыста шейіт болған аталарымды еске алып жүріп қызықты хабар естідім. Ол хабарды естіген кезде тағы да бір минут үнсіз қалдым. Әрине, бұл жолы ешкімді де еске алғаным жоқ. Тек ойым сан саққа жүгіріп, ішім ала-құла жай кешті. Күнделікті өмірде жүргенде қалжыңдап айтып, ойланып жүруші едім. Ойым "Мәңгілік ештеңе жоқ. Дегенмен осы екі адамның орнына кім бірінші болып келеді екен. Бірі ұзақ жылдар бойы ел басқаруда. Оның орнына кім келеді деп бүкіл Қазақстан қоғамы алаңдаулы. Ал екіншісі "МЮдың" бас бапкері. 26 жыл бойы "қызылдардың" басшысы болды. Екеуінің қайсысы бірінші болып тағынан түсер екен" - деген тұжырымдама ғой.

Сонымен, 26 жыл бойы күллі футбол жанкүйерлерінің жүрегін жаулаған ақтаңгер Сэр Алекс орнын бостты.

Ол "Манчестерге Юнайтедке" келген кезде көпшілік бапкердің болашағына сенді. 86 жылдан бері Шотландияда "Селтик" пен "Рейнджерс" қана чемпион болып келеді. Оның алдында да солай еді. Тек 86 жылы Алекс бастаған "Абердин" қос азулының алдын орады. Бірден "Мюға" келісімен Алекс Фергюсон жақсы нәтижелер көрсете бастады. Кейіннен СЭР атағын алды. Тарих бетіндегі Фергюсонның айтулы жеңістерінің бірі 98/99 жылғы чемпиондар лигасының финалы болатын. Ал қалған чемпиондық, жеңген кубоктар санын кез-келген оқырман, жабайы жазарман, жанкүйерлердің барлығы біледі. Бұл кісінің өмірбаянын екі бетке сыйдыру мүмкін емес. Тек есімізде қалған естеліктерді ғана айтпасақ.

Үнемі ойын кезінде сағыз шайнап отыратын бапкерге естелікте қойылды. "Олд Траффордтың" бір трибунасы да осы кісінің атында. 26 жылдың ішінде не түрлі оқиға болды. Қаншама футболшылар әлемге танылды. "Тозақтан келген ойыншы" Сулшер, "Ерке бала" Бэкхэм", қақпашы Шмейхэлдің ендігі баласы да екінші лигада өнер көрсетіп жүр. Ван дер Саарда да солай. Оның баласы тіпті "МЮдың" жастар құрамасында жүр. Командада Алекстің кезінде келіп бастаған Гиггз бен Уэлбектің арасында қаншама жыл. Дэнни Уэлбек енді шыр етіп өмір есігін ашқанда Райан премьер-лигада доп теуіп жүрген болатын. Пол Скоулз, Ники Батт, Гари Невил, Эрик Кантона секілді ойыншылар Алексті әкесіндей көретіні бар. Алаңда әртістігімен есте қалатын Кантона түбі футболдан кейін киноларға түсіп әртіс те болып кетті. Бір сөзбен айтқанда Фергюсон бірнеше ұрпақты футболға әкелді.

Әлемге ең танымал футболшы, секс символ Дэвид Бекхемге мына дүниеде бутсы лақтырып, айқайлап ұрысатын тірі адам бар ма? Қабағы жарылып, індеместен "әкесінен" таяқ жеп ол да кетті. Бірақ, Бэкхем ешқашан Алексті ұмытқан емес. Шыққан ұясы сол екенін жақсы білді. Осының барлығы білікті бапкердің арқасы. Криштиануды да ең бірінші байқап, командаға алдыртқан да осы кісі болатын. Әрине Гиггздың да нұсқауы болғандығын жасыра алмаймыз.

Кезінде Диего Форлан "МЮда" ойнаған десек қазіргі жас жанкүйерлер білмеуі мүмкін. "Индепендьенте" командасынан 11 млн долларға Диего Форланды сатып алғанда ел түк түсінбеді. Оңтүстік Америкадан алынған шабуылшының мұндағылардан қай жері артық деді. Англияда ойыны жүрмеген Форланның Испанияға барған соң бағы ашылды. Ұлттық құрама сапында тіпті қаһарман атанды. Сол ойыншыны Еуропаға шақырған алғашқы бапкер Сэр Алекс болатын.

Әлем футболының құдайы деп бағалап жатқандар да бар. Лобановский секілді аладоп тарихында қалған тұлғалардың қатарына барып жайғасары анық. Енді "Мұхамедтің соңғы намазындай" болатын Сэр Алекстің "Манчестерді" алаңға соңғы рет алып шығуын күтетін боламыз. Көпшілік көз жасы көл болып, көңілдің босайтыны белгілі. Сол күнгі ойын ұзақ жылдар бойы есте қалайын деп тұр. Гиггз бен Скоулздар да менің ойымша қимастыққа ерік береді-ау. Бапкердің орнын енді Дэвид Мойес басатын болды. "Эвертонның" бапкері енді жиырма жылдық сапарға қамдана берсін. Ұзақ, әрі ауыр кезеңге толы болатын бұл сапар оған да оңай тимейін деп тұр. Тарихтың орнына болашық келіп жайғасты.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров