Құрама 19 қараша күні Ямайкамен Әлем чемпионаты жолдамасына талас құратын болады.
Іріктеудің соңғы матчында Кюрасаоға Ямайкамен тең ойнаса да жеткілікті. Алайда құраманың шешуші кездесуінде бапкер Дик Адвокат болмайтын болды. Ол отбасылық жағдайға байланысты өз отанына шұғыл жол жүріп кетіпті.
Кюрасао құрамасын соңғы ойынға Кингстон лагерінде оның көмешілері Кор Пот пен Дин Горре дайындауда.
Қазірде Дик Адвокат командасы Конкокаф квалификациясының шешуші кездесуі алдында Ямайкадан 1 ұпай алда тұр. 19 қарашадағы ойында құрамаға тең нәтиженің өзі жақсы нәтижеге бағаланатын болады. Бірақ ол кездесуде Диктің өзі болмайтынын білетін болсақ, Кюрасаоға матч оңайға соқпайтыны анық.
Айта кетейік, Кюрасао - 155 мың адамы бар шағын мемлекеттердің бірі. Біздің еліміздегі бір Талдықорған қаласының өзінде халық саны 170 мыңға шарықтайды.
Біздің серіктес: FONBET