Жарнама
Жарнама

Бапкер мен ойыншы арасында текетірес – Бразилиялық жұлдыз наразылық білдірді

21.12.2025, 12:55

Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Винисиус Жуниор мен команданың бас бапкері Хаби Алонсо арасындағы қарым-қатынас ушығуда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ла Лиганың 17-турындағы “Севильяға” қарсы ойыннан кейін шабуылшының әлеуметтік желідегі жұмбақ әрекеті жанкүйерлер мен басылымдардың назарын аударды.

Корольдік клуб өз алаңында “Севильяны” 2:0 есебімен жеңгенімен, матч соңы шусыз өтпеді. Ойынның 83-минутында Хаби Алонсо Винисиусты алаңнан алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл ауысым Бразилиялық футболшыға ұнамаған сыңайлы.

Ойын аяқталған соң Винисиус өзінің Instagram парақшасында күтпеген қадамдарға барды, ол “Реал” жейдесімен түскен соңғы суретін өшіріп тастады және профильдегі мәртебесін (bio) өзгертті.

Сарапшылар бұл әрекетті футболшының бапкер шешіміне немесе клубтағы жағдайына көңілі толмайтынын білдіретін ишара деп бағалап отыр.

Винисиус үшін биылғы маусым оңай соқпай тұр. Ол соңғы рет қазан айында ғана гол соққан, содан бері оның нәтижелілігі төмендеп кетті. Бұған дейін де баспасөзде Хаби Алонсо мен Винисиус арасындағы түсініспеушіліктер туралы ақпараттар жиі шыға бастаған болатын.

Бұл жеңістен кейін “Реал Мадрид” 42 ұпай жинап, көшбасшы “Барселонаға” жақындай түсті. Десе де, Каталониялық клубтың қорында әлі бір ойын артық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров