Жарнама
Жарнама

Бапкер Өскемендік клубтың Премьер лигадағы мақсатын жариялады

Бүгін, 09:27

Ел чемпиондарына қарсы өткен тартысты кездесуден кейін “Алтай” бас бапкері Вахид Масудовмаусымға қойған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Алғашқы турдың өзінде деңгейі жоғары қарсыласқа тап болған Шығыс Қазақстандық ұжым алаңда барын салды. Масудовтың айтуынша, футболшылар психологиялық қысымға қарамастан, бапкерлік штабтың тапсырмасын мүлтіксіз орындаған.

“Бұл біз үшін Премьер лигадағы алғашқы ойын болды, оның үстіне қарсыласымыз – ел чемпионы. Жігіттерге оңай болған жоқ, бірақ олар нағыз мінез көрсетті. Ойынға құрылған жоспар толық орындалды. Біз өз ойыншыларымызға сендік, олар сол сенімді ақтады.” — деді бас бапкер.

Вахид Масудовтың сөзінше олардың алға қойған мақсаты айқын, жай ғана қатысу емес, нәтиже көрсету. Яғни Премьер лигада тұрақтап, команданың элиталық дивизиондағы орнын нығайтужәне турнирлік кестеде мүмкіндігінше жоғары көтеріліп, топ 10 команданың қатарынан көріну.

Бас бапкердің сөзіне сүйенсек, клубтың әлеуеті жоғары мақсаттарды бағындыруға жетеді. Ендігі кезек – осы амбицияны әр матч сайын алаңда дәлелдеу.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров