Жарнама
Жарнама

Бапкерді «Реалдан» шақырттық

11.01.2012, 18:51
Жарнама
Жарнама
Қаңтардың басында футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының бапкері бекітілді. Бұл қызметке Испанияның «Реал» клубы жүйесінде жұмыс істейтін Небойша Милич тағайындалды. Испания азаматтығын қоса алған серб маманымен «1+1» жүйесінде келісімшарт жа­салды. Алдына «Қазақстан жастарын Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне шы­­ғаруыңыз керек» деген мақсат қойылды. Небойша Милич 1959 жылы 16 қыркүйекте туған. Соңғы жылдары әйгілі «Реал» (Мадрид) клубының жүйесінде жұмыс жасап, өте дарынды балалардың бағын ашуға бар ілімін жұмсаған. 2007-2008 жылдары Испанияның үшінші тобындағы бір командасында бас бапкер болғаны болмаса, 2002 жылдан бері «Реал» клубының құрылымында әртүрлі қызметтер атқарыпты. Тіпті жастарына бас бапкер болып, үшінші тобындағы ұжымына жаттықтырушы болған екен. Өз шәкірттерімен үш рет жастар арасындағы біріншілікте жеңімпаз атанған. 1998-99 жылдары «Атлетко» (Мадрид) клубында бас бапкердің көмекшісі болып, УЕФА кубогының жартылай финалына дейін жеткен. Біраз жыл Югославияда қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған. Футболшы ретінде 1976-78 жылдары Югославия құрамасының сапында ойнаған. Енді осынша жыл жинаған бар тәжірибесін қазақ жастарының көсіле сілтеуіне жұмсамақ. Еңбегі жанып, жастарымыздың жалындай беруін тілейміз. Автор: Әлихан ЖАППАР
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров