Жарнама
Жарнама

Бапкерді «Реалдан» шақырттық

11.01.2012, 19:13
Жарнама
Жарнама

Қаңтардың басында футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының бапкері бекітілді. Бұл қызметке Испанияның «Реал» клубы жүйесінде жұмыс істейтін Небойша Милич тағайындалды.

Испания азаматтығын қоса алған серб ма­манымен «1+1» жүйесінде келісімшарт жа­салды. Алдына «Қазақстан жастарын Еуропа чемпионатының элиталық кезеңіне шы­­ғаруыңыз керек» деген мақсат қойыл­ды. Небойша Милич 1959 жылы 16 қыр­күйекте туған. Соңғы жылдары әйгілі «Реал» (Мадрид) клубының жүйесінде жұмыс жасап, өте дарынды балалардың бағын ашуға бар ілімін жұмсаған. 2007-2008 жылдары Испанияның үшінші тобын­дағы бір командасында бас бапкер болға­ны болмаса, 2002 жылдан бері «Реал» клубының құрылымында әртүрлі қызметтер атқарыпты. Тіпті жастарына бас бапкер бо­лып, үшінші тобындағы ұжымына жаттық­ты­рушы болған екен. Өз шәкірттерімен үш рет жастар арасындағы біріншілікте жеңім­паз атанған. 1998-99 жылдары «Атлетко» (Мадрид) клубында бас бапкердің көмекшісі болып, УЕФА кубогының жартылай финалына дейін жеткен. Біраз жыл Югославияда қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған. Фут­болшы ретінде 1976-78 жылдары Юго­славия құрамасының сапында ойнаған. Енді осынша жыл жинаған бар тәжірибесін қазақ жастарының көсіле сілтеуіне жұм­са­мақ. Еңбегі жанып, жастарымыздың жа­лын­дай беруін тілейміз. Автор: Әлихан ЖАППАР
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
КІСІГЕ ҚАРАҒАН КҮН…