Жарнама
Жарнама

“Бапкерге ұнайды” – Қазақстандық футболшы АПЛ-де доп тебуге дайын

29.03.2026, 14:20

Қазақ футболының тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи сәт жақындап келеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың Лондондағы мансабына қатысты тың мәліметтер пайда болды. Football Update дереккөзінің хабарлауынша, “Челси”  отандасымызды келесі маусымда бірден негізгі команда сапына қосуды жоспарлап отыр.

Лондондық ұжымның бапкерлер қосыны Дастанның қарым-қабілетіне жоғары баға беріп отыр. Атап айтқанда, Лиам Розениор жас футболшының әлеуетіне тәнті болып, онымен жұмыс істеуге асық. Қазірдің өзінде Дастан үшін арнайы жаттығу бағдарламалары әзірленіп, дайындық жұмыстары басталып кеткен.

Халықаралық трансферлік ережелерге сәйкес, Дастан Сәтпаев биыл тамыз айында 18 жасқа толғаннан кейін ғана Лондондық клубтың сапына қосылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров