Украина Премьер-лигасы тарихында ең жас бапкер болған Кирилл Нестеренко мен “Ақтөбенің” жаңа жаттықтырушысы Николай Костовты не байланыстырады?
Алдыменен мақаламыздың басында Кирилл Нестеренконың кім екенін біліп алайық.
Кирилл Нестеренко - 1992 жылдың 1 наурызында Донецк облысының Макеевка қаласында туылған. Жастайынан футболға әуес болған Александрдыңұлы 15 жасынан бастап, “Металлург” ұжымында аяқдоп спортының бар қыр-сырымен танысты. Алаңдағы позициясы қорғаушы бола тұра, Нестеренко Украинаның жасөспірімдер лигасында 74 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанып, өз құрдастары арасында талантымен дараланды. 2008 жылы Кирилл “Металлургтың” екінші командасына шақырту алып, “Кривбасқа” қарсы Жастар Лигасында дебют жасады. Сөйтіп жүріп, қорғаушы Премьер-лига ойыншысы деңгейіне дейін жетті. Арасында дубль құрамындағы кездесулерге де тізімге қосылып тұрды. Алайда екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді демекші, Кирилл Жастардың кезекті матчында ауыр жарақат алды. Соның кесірінен ол бір маусымға дейін футболдан шеттеліп қалды. 2015 жылы Нестеренконы жарақатынан айықты деп Литвалық “Шяуляй” қорғаушыны өз қатарына қосты. Бірақта Кириллдің тізесі қайтадан ауырып бастап, оның футболмен ерте қоштасуына мәжбүр етті. Осы сәттен бастап, футболшы бола алмаған Нестеренко өзің бапкерлік қызметте сынап көрмекке тәуекел етеді…
Небәрі 24 жасында бутсасын шегелеген Кирилл бір жылдан кейін Каменканың “Сталь” ұжымында бапкерлік тәжірибесін шындай бастайды. Ол басында бұл клубтың Жастарын жаттықтырып, кейінірек Николай Костовтың көмекшісі қызметіне дейін көтеріледі. Мақаламыздың лид бөлімінде қойған сұрақтың жауабы осы кезде берілгенін өздеріңіз байқаған шығарсыздар. 2017 жылдың кезекті бір ойынында “Стальдың” бас бапкері Николай Костов алаңнан қуылады. Сөйтіп, Каменка клубын келесі матчта алаңға Кирилл Нестеренко бастап шығады. Украин маманы болса, бар жауапкершілікті өз мойына алып, команданы лайықты деңгейде ойнатады. Осыдан кейін болгар маманы Николай Костов жас маманды қайда барсада өзімен ертіп жүретін болды. Мәселен, 2017 жылы болгар бапкері Кириллды Қарағандылық “Шахтерге” өз көмекшісі етіп тағайындады. Онда бапкерлік тандем 32 матч өткізеді. Бір қызығы, Нестеренко Николайдың асисстенті дегені болмаса, командадағы тактикалық нұсқаулықтың барлығын Кирилл қабылдап жүріпті. Бұл тенденция “Каспий” командасындада өз жалғасын тапты. Бас бапкер Николай Костовтың бар жұмысын Кирилл Нестеренко жасады. Бірақ бұл жұптың жолы 2025 жылдың жаз айында екіге бөлінді. Костов өз отанындағы "Левскиде" қалды. Ал оның көмекшісі болған Кирилл “Александрия” клубына бас бапкер қызметіне келді. Сөйтіп, 33 жасында Нестеренко УПЛ ең жас жаттықтырушысы атанды. Бұған дейінгі нәтиже ішкі чемпионатта 38 жасында “Карпаты” тізгінін ұстаған Владислав Лупашкоға тиесілі болған. Алайда бапкерлік қызметтің басы Кирилл үшін сәтті болып жатыр деуге келмес. Ол жаттықтыратын команда 4 матчтың 4 жеңілді. Және сол кездесулерде 3 қызыл қағаз алды. Одан тағысы, Нестеренко “Александрия” - “Партизан” матчында басы үлкен дауға қалды. Бапкер еурокубоктегі қарсыласын жауға тенеп, олардың Ресейде жолдастық ойын өткізуі басты қателік болғанын ашылып айтты. Еске салсақ, “Партизан” ұжымы жыл сайын “Зенитпен” “братское дерби” кездесуін өткізіп тұрады. Ал Ресей мен Украина арасындағы қырғи-қабақтың барын білсеңіздер, бапкердің қызбалыққа салынуы бекер еместігін түсінесіздер.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болар демекші, бапкер Кирилл Нестеренко алдағы ойындарын көңілге қонымды нәтижемен аяқтайды деген сенімдеміз. Жаста болса, бас бола алған бапкер бекерден-бекер Юлиан Нагельсманнды үлгі етіп жүрген жоқ. Неміс маманы да бас бапкер бола сала, тау қопарған жоқ. Бастысы “Александрия” Кириллге арқа сүйенсе, барлығы уақытымен бола жатар.
Біздің серіктес: FONBET