Жарнама
Жарнама

Бақдәулет ҚОЖАБАЕВ: Исландиямен өтетін кездесуде тек қана жеңіс керек

05.03.2014, 01:59
Жарнама
Жарнама
"Астана арена" стадионында Исландия және Қазақстан құрама командаларының бас бапкерлерінің баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Исландия құрамасының бас бапкері Эйольфур Сверриссон бірінші болып сөз алды. Эйольфур Сверриссон Исландия жастар құрамасының бас бапкері -         Біз өз алаңымызда қазақстанды 2-0 песебімен жеңіп кеткен едік. Ол кезде сәттілік бізге жолдас болды. Негізі, қазақстандық жастар қазір өте мықты. Соңғы ойындарына қарап баға беретін болсам, команда біздің жігіттерді өз алаңында оңай ұта салатын секілді. Бірақ, біз де тыңғылықты дайындық жасап отырмыз. Сверриссонды шығарып салысымен журналистер қауымы Саулюс Ширмалясты сауалдың астына алды. Аға бапкер ағынан жарылып, жастардың жеңіске ғана ұмтылып отырғанын жеткізді. Саулюс Ширмялис Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері -         28-ақпаннан бастап жаттығу жиындарын өткізудеміз. Маған керекті футболшылардың барлығы қазір осында. Тек, Сергей Кейлер ғана келе алмады. Ол «Қайрат» командасымен соңғы маңызды оқу-жаттығу жиындарын бастан өткеруде. Ал Георгий Жуковтың әзірге құжаттары толықтай шешілмеді. Дей тұрғанымен, Исландия құрамасымен ойында бізге тек қана жеңіске ұмтыламыз. «Ордабасы» командасының қорғаушысы Қожабаев Бақдәулет Қазақстан жастар құрамасының сапында ең тәжірибиелі футболшылардың бірі. Бақдәулеттің айтуынша, команданың көксегені осы кездесуден үш ұпай алу екен. - Тек қана үш ұпай алуымыз керек. Оның үстіне сырт алаңдағы ойында жеңіліп қалдық. Жанкүйерлер стадионға көп келіп қолдаса жақсы болар еді. Теориялық тұрғыда, бізде әлі топтан шығатын мүмкіндік бар. келесі ойын Франциямен. ол ойынды қайдам, бірақ Исландияны жеңуіміз керек. Басты ой осы матчта ғана. Ал қалғанын кейін көре жатамыз. Кездесу Астана-арена стадионында 5-наурыз күні сағат 19-00-де басталады. ойынды "Казспорт" арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров