ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының екінші турында «Сочимен» болған ойын (3:0) туралы пікір білдірді:
– Өте қиын ойын болды, ауа-райы да өз әсерін тигізді. Мұндай қарсыласты жеңу көңіл-күйді екі есе көтерді.
– Бүгін Акинфеев нәтижелі пас берді. Жаттығуда ол мұны қаншалықты жиі жасайды?
– Біз одан әрқашан осындай пастарды күтеміз. Өз орнында тұрып осылай пас беретін қақпашылар жоқтың-қасы. Бұл оның бірінші нәтижелі пасы емес. Ол керемет қақпашы, бар болғаны осы.
- Қорғаушы ретінде өзіңізді қалай сезінесіз? Сіз осы позицияда ойнауды жалғастыруға дайынсыз ба және өзіңізді аз уақыт болса да қақпашы ретінде сынап көргіңіз келе ме?
– Игорь маған өз орнын бермейді деп ойлаймын (жымиып). Сондықтан мен командама пайдам тиетін жерде ойнауға дайынмын. Орталық қорғаушы және сол қапталдағы қорғаушы – бұл позициялар бір-бірінен онша ерекшеленбейді, сондықтан мен еш қиындықсыз бейімделдім.
- Команда бүгінгі матчта рахаттанып ойнаған секілді?
- Иә, солай болды. Жанкүйерлер қолдаса жақсы көңіл-күймен ойнайсыз. Бар жағдай жасалған, тамаша алаң, ауа-райы ыстық болса да, бәрі жақсы. Ал жеңіс эмоция сыйлайды.
- Сіз қорғаушы позициясында өте жақсы көрінесіз. Қай шабуылшыға қарсы ойнағыңыз келеді?
- «Сочиді» алсаңыз, Мелкадзеге қарсы ойнау қиын, ол бір орында тұрмайды. Жоазиньо, керісінше, доппен жақсы жүгіреді. Екі түрлі тайм болғанықтан, бәріміз қиналып қалдық. Мен кімге қарсы ойнағым келеді, әрине, Роналдо.
Біздің серіктес: FONBET