Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов: «Командада бізді орыс емессіңдер деп айтатындар көп»

20.07.2021, 17:48
Зайнутдинов жарақатынан айығып, командалық жаттығуға қайта оралды.
Жарнама
Жарнама

ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов алаңдағы позициясының өзгеруі мен Ресей және Қазақстан чемпионаттарының айырмашылығы туралы айтты:

«ЦСКА - бұл жанкүйерлері көп үлкен клуб. Жақсы ойнап, келесі маусымда еурокубок бәсекесіне жолдама аламыз деп сенемін. Мен жарақатымнан айықтым, маусымның басында қатарға оралу үшін бәрін жасап жатырмын.

Олар қайда қойса, мен сонда ойнаймын. Бірде Вася Березуцкий келіп мені сол қапталда ойнайтын орталық қорғаушы ретінде көретінін айтты, бірақ мен ол жерде ойнай алмаймын. Мен жарты жылдан бері жаттығып, сол қапталдағы қорғаушы ретінде ойнап жүрмін, мен оған үйрендім, маған осы позиция қатты ұнайды.

Ресей мен Қазақстан чемпионаттарының айырмашылықтары? Біріншіден, мұнда ойыншылардың деңгейі әр түрлі. Қазақстанда жақсы стадиондар аз, ал мұнда футбол көруге көбірек жанкүйерлер келелі. Березуцкий футбол стилін өзгертті. Оличтің кезінде басқа талаптар қойылды, қазір бәрі өзгерді

Мен бейімделіп үлгердім, барлық балалар мені жылы қарсы алды. Командада бізді орыс емессіңдер деп айтатындар көп. Игорь (Акинфеев) ағай бәрімізді тәжік деп атайды», - деді Зайнутдинов.

«Сен не айтып тұрсың?! Мен бүгін сені бірінші рет көріп тұрмын, - деп жауап берді Акинфеев Бақтиерға.

«Баха, біз бәріміз КСРО-да дүниеге келгенбіз», - деп толықтырды ЦСКА клубының бас бапкері Алексей Березуцкий.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров