Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов: «Мен жаспын, сондықтан үлкен жүктемелерге төтеп бере аламын»

23.10.2021, 22:33
Баха тығыз кестеге үйреніп қалғанын айтты.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің осы маусымдағы ойынына баға берді, сондай-ақ "Нижний Новгород" қақпасына соққан голы жайлы пікір білдірді.

- "Урал" және "Крылья Советовпен" болатын матч алдында сіз біздің басқа жігіттер сияқты ұлттық құрамаға жол тарттыңыз. Жаттықтырушыларға, сондай -ақ дәрігерлерге халықаралық үзілістен кейін команданы бабына келтіру қиын болады: біреу ойнайды, ал біреу қосалқы құрамда отырады, біреулер жол жүру үшін көп уақыт өткізді дегендей... Сіз мұндай жүктемелерге қалыпты түрде төтеп бере аласыз ба?

- Дұрыс айттыңыз, мұның бәрі болады, бірақ мен жаспын, сондықтан төтеп беруге міндеттімін. Бас бапкер, мүмкіндігінше, бізге әрқашан бір күн демалыс береді, біз ұйықтап, өзімізді тәртіпке келтіреміз. Бұл көп көмектеседі, және біз мұндай тығыз кестеге үйреніп, онымен өмір сүреміз. Ең қиын жағдай коронавирус қатты тараған кезде болды, өйткені тікелей рейстер болмағандықтан, екі-үш рет ұшақ ауыстыруға тура келді. Бақытымызға орай, қазір шекаралар ашылды. Ұлттық құрамамен Шотландияға бір рет ұштық, жеті-сегіз сағат жүрдік, нақты есімде жоқ. Және "Астана" сапында Еуропа лигасы аясында "Спортингпен" ойнау үшін Португалияға бардық. Шағымданатын ештеңе жоқ, мен тез қалыпқа келемін.

- Біздің команда үшін маусымның бастапқы бөлігін қалай бағалайсыз?

- Шынымды айтсам, біз күткендей басталған жоқ. Ұпай жоғалттық, бірақ соңғы төрт-бес кездесуде жақсы ойнап, өз-өзімізге келдік. Мен ұзақ уақыт ойнауға мүмкіндік бермеген жарақатымнан айықтым. Енді командамен бірге алға жылжып, ұпай жинағым келеді.

- Осы уақытқа дейін есіңізде қалған матчты айта аласыз ба?

- "Спартакпен" болған дерби. Біздің жанкүйерлер үшін бұл матчта жеңіске жету өте маңызды болды, біз жеңісті жұлып алып, оларды қуанттық. Бұған дейін мен ЦСКА-мен де, "Ростовпен" де чемпионатта "Спартакты" жеңген едім, тек Кубокте ғана ұтылдым. Айтпақшы, Ресейдегі алғашқы дублімді дәл осы "Спартакпен" болған матчта жасадым.

- "Нижний Новгородқа" соққан голыңыз туралы айтсаңыз.

- (Күлді) Ильза қыстан бері жаттығудан кейін қалып, жұмыс істейтінінімізді бекер айтпады. Мен баспен барғым келді, бірақ кешіккенімді түсіндім, сондықтан алға қарай құладым және доптың жамбасыма тигенін сездім. Айналып қарасам гол екен. Мен қатты таң қалдым! Бұл менің жүзімнен-ақ айқын көрініп тұрды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров