Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов РПЛ матчының үздік ойыншысы атанды

05.09.2022, 03:30
Қазақстандық футболшы бүгін негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының сегізінші турындағы «Крылья Советов» пен ЦСКА арасындағы матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Ол кездесуде Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнады. Қазақстандық үшін бұл ағымдағы РПЛ маусымындағы сегізінші ойын болды.

«Бүгін өте қиын ойын болды, әсіресе алғашқы 30 минутта. Қарсылас үлкен қысым көрсетті. Ең бастысы, біз стандарттан гол соғып, үш ұпайға қол жеткіздік. Ауа райы қалыпты болды және кедергі келтірген жоқ.

Бірінші таймнан кейін агрессивті ойнау туралы тапсырма жүктелді және қосалқы құрамнан шыққан футболшылар ойынды күшейтті», - деді Зайнутдинов матчтан кейін берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұл кездесу 1:0 есебімен ЦСКА клубының пайдасына аяқталды. 79-минутта жеңісті голды қорғаушы Игорь Дивеев соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров