Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов «Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті

04.06.2021, 21:45
Бақтиер осындай шараларға көбірек қатысқысы келетінін айтты.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан ұлттық құрамасы мен мәскеулік ЦСКА клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновпен кездесті.

«Жастар» стадионындағы жүздесуде «Батека» балаларға төзімділік таныту мен бапкерлердің тәртібіне бағыну ең басты қағида екенін айтты.

 - Көп еңбек етіп, шеберлікті шыңдай беру керек. Бапкерлердің айтқанын тыңдап, оны орындау қажет. Егер қиын болып жатса, сонда да тырысып көріңіздер. Жаттығуда ешқашан оңай болмайды.

Біздің бала кезімізде негізгі командада ойнайтын ағайынды Евстигнеевтер, Недашковский, Кургулин, Исламхан, Қонысбаевтар және басқа ойыншылар жаттығу жұмыстарына келетін. Біз оларға үлкен шеберлер ретінде қарап, алаңдап, олардың соңынан жүгірдік. Үлкен толқу болды. Мен балаларды түсінемін, сондықтан осындай шараларға келуге тырысамын. Балаларға айтарым, бізде әрдайым дарынды жігіттер болғандықтан, Таразды жерге қаратпаңдар, - деді футболшы

Кездесуде балалар сауалдар қойды. Ол өз кезегінде ең сүйікті клубы «Тараз», ұнайтын ойыншысы Месси екендігін айтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров