Зайнутдинов Босния қақпасына соққан голынан кейін Қазақстан құрамасының үздік сұрмергендері тізімінде үшінші орынға көтерілді.
ЦСКА мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың еншісінде 8 гол бар. Футболшыға бұл үшін небәрі 18 матч қажет болды. Сондай-ақ үшінші орында 8 голдан соққан Дмитрий Бяков және Сергей Хижниченко да бар. Бірақ оларға бұл межені бағындыру үшін 33 және 52 матч қажет болған.
Тізімдегі алғашқы орындар - Қазақстанның экс-шабуылшылары Руслан Балтиев (13) пен Виктор Зубаревке (12) тиесілі.
Біздің серіктес: FONBET