Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді

17.11.2021, 02:49
Бақтиерға 9 гол соғу үшін 19 матч қажет болды.
Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов Тәжікстанмен болған жолдастық кездесуде ұлттық құрама жейдесіндегі тоғызыншы голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Зайнутдиновтің 12-минутта Тәжікстан қақпасына соққан голы Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмергендердің тізімінде үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

ЦСКА футболшысына тоғыз гол соғу үшін 19 матч қажет болды. Енді Бақтиерға Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Руслан Балтиевті қуып жету үшін 4 гол соғу керек.

Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік сұрмергендер:

1. Руслан Балтиев – 13 гол (73 матч);

2. Виктор Зубарев – 12 (18);

3. Бақтиер Зайнутдинов – 9 (19);

4-5. Дмитрий Бяков – 8 (33);

4-5. Сергей Хижниченко – 8 (52);

6. Нұрбол Жұмасқалиев – 7 (58).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров