Жарнама
Жарнама

Барлық елдің қазақтары, доп тебіңдер!

24.05.2011, 16:47
Жарнама
Жарнама
27 мамыр күні Дүниежүзілік қазақтардың IV құрылтайы аясында футболдан Алаш аяқдопшылары арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл додаға жеті команда қатысады. Атап айтқанда, Еуропа елдерінің біріккен командасы және Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Қазақстан қазақтары Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда теңбіл доп додасының көрігін қыздырады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған турнир сағат 8:00-де басталып, 16:00-ге дейін созылмақ. Дүниежүзі қазақтарының турнирі сағат 11:00-де салтанатты түрде ашылып, осы дода барысында ұлттық ойындарымыз да кеңінен насихатталмақ. Автор: Айқын Жаппар
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров