Жарнама
Жарнама

Барнауылда бесінші болдық

20.05.2011, 18:02
Жарнама
Жарнама
Футболдан «Цесна-99» балалар командасы Барнауыл қаласында өткен «Біздің әкелеріміздің кубогы» атты теңбіл доп додасына қатысып, бесінші орынға ие болды. Осы аптаның ортасында аяқталған турнирді Алматы өрендері «А» тобында бастады. Бұл топта ылғи қарымды командалар жиналған екен, алматылықтар Иркутскіден келген құрдастарынан 0:5 есебімен, ал жергілікті «Алтай-99» командасынан 0:4 есебімен ұтылып қалды. Есесіне, соңғы матчта Горно-Алтайскінің «Спартак-99» деп аталатын командасын 4:0 есебімен тізерлетті. Осылай 5-8 орындарды сарапқа салатын топқа түсіп, Новокузнецк жеткіншектерін 3:0 есебімен ұтып, Новосибирск өрендерімен 1:1 есебімен тең түсті. Сөйтіп, жеті ұпаймен бесінші орынға ие болды. «Цесна-99» командасының сапында С.Ахтаев, А.Елібай, М.Айманов, С.Серіков, Ж.Рахмади, Т.Аюпов, Э.Гаппаров, И.Исамидинов, Т.Гнеушев, А.Янтижанов, Н.Ярков, В.Митченков, И.Андриянов және А.Тырбах сынды жеткіншектер өнер көрсетті. Жалпы, бірінші орынды Барнауылдың «Динамо-99» атты командасы еншіледі. Бұдан кейінгі екі жүлделі орынды «Цесна» өрендерімен «А» тобында бірге ойнаған «Юный динамовец-99» және «Алтай-99» иеленді. Ал «Томь-99» бұлардың үшеуінен де ұтылып, төртінші орынға табан тіреді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров