Жарнама
Жарнама

«Барса» мен «Реал» теңескен секілді

20.06.2020, 09:13
«Севилья» - «Барселона» арасындағы ойында гол салынбады. Есеп 0-0.
Жарнама
Жарнама

"Рамон Санчес Писхуан" атындағы стадионға жанкүйерлер кіргізілмегені қандай жақсы. Мұндай қызықсыз ойынды көріп, олардың билетке кеткен қаржысы ақталмас еді. Мессидің айып доптарының барлығын "Севилья" қақпашысы Томаш Вацлик қайтара берді. Ал "Севильяда" гол салатын таза екі мүмкіндік болды. Енді турнирлік кестеде "Барселона" "Реалдан" үш ұпайға ғана озып тұр. Бірақ, 30-тур ойындары әлі аяқталған жоқ. Жексенбі күні "Реал" Мадрид сырт алаңда "Реал" Сосьедадпен кездеседі. Аднан Жанұзай ойнайтын команда карантиннен шыққалы бері жеңіске жеткен жоқ. Соңғы турда олар аутсайдер "Алавеске" жеңілді. Зинедин Зиданның командасы осы турда үш ұпай еншілейтін болса турнирлік кестедегі жағдай теңеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров