Бүгін Швейцарияда Чемпиондар мен Еуропа лигаларының жеребе тарту рәсімдері болып өтті. Кәрі құрлықтағы мңызды турнирдің ширек финалда өнер көрсететін жұптар анықталды. Бір айта кетерлігі, биылғы маусымда топтық деңгейде бірге ойнаған "Милан" және "Барса" тағы да бір-біріне қарсылас атанды. Мамандардың айтуынша "Реалға" ғана жеребе жолдас болғандай. дегенімен де айды ауызға қаратқан "Апоэльді" санаттан сызып тастау да бекер секілді. Аталған жеебеге қатысқан ұжымдардың өкілдері бұл сатыда оңай қарсылас жоқ деп өздерінің ішкі қуаныштарын сабырлылыққа жеңдіруде. десе де, біз сол ішкі ойлардың қандай бағытта өрбіп жатқанына шолу жасасақ.
"Апоэль" - Реал"Моуриньоның жеребеде жолы болды. Осылай ойлауға толық негіз бар. "Апоэль" 1/4 финлдағы ең осал қарсыластардың бірі еді. Жол-жөнекей сенсация жасап келгенімен кипрлік ұжымның шамасы белгілі болаын. Алдыңғы ойындарына сараптама жасаса, Жозе бапкер мадридтіктерді келесі кезеңге міндетті түрде алып шығады. Оның үстіне бірінші матч сырт алаңда өрбиді. Сол ойынның өзінде-ақ, Криштиану бастаған жігіттер кипрліктерді өз орнына қоятын шығар. Дегенмен де, тартыстың өзін сол матчтың кезінде көре жатармыз. Әзірге берер бағамыз осы. "Реал" бір аяқпенен жартылайфиналда тұр.
"Марсель" - "Бавария"19 мамыр күні Чемпиондар лигасының финалы "Алянц-Арена" стадионында өтетіні белгілі. Ал енді сол стадиондағы ақтық сынға "Баварияның" шыққысы келетінін өздеріңізде біліп отырсыздар. Өз алаңында финалдық кездесуді өткізген өте ыңғайлы. Немістер соңғы ойында 7 гол соғып, шабуылдаудың қалай екенін анық көрсетіп берді. "Базель" қорғанысқа иек артқан командалардың бірі. Соның өзінде өте керемет нәтиже көрсетті. көп гол салды. "Марсель" - "франциялық эндшпиль" команда. Ойынның соңғы минуттарында ғана гол соққанды ұнатады. Ал, немістердің матчтың соңына дейін бр қөалыппен өнер көрсететіндігін айта кеткеніміз жөн. Бірінші ойын да Франция жерінде өтеді. Мұның өзі немістерге жақсы жағдай тудырып тұрғаны сөзсіз. Жартылай финалда "Реал" - "Бавария" жұбын елестетемін.
"Бенфика" - "Челси"
1/4 финалдың жеребесі тартылғаннан кейін әр команданың бапкерлері, президенттері қарсылас командны мақтап, "бұл команданы өту оңай болмайды" дегендей сұқбаттар беретіні белгілі. Моуриньо, Гвардиола секілді бірлі-жарым мамандар болмаса қалғандар бірегей, түгел осындай әңгіме айтары анық. Дегенмен, Ди Маттеоның өткен ойында бағы ашылды. Енді сол сәтті жол жалғасын таба ма? "Бенфика" бұған дейін "Зенитті" ұтып шықты. Ал "Челси" қарқыны қатты "Наполиді". Ағылшындықтардың сапында Дрогба мен Торрес өз баптарына келе бастағандай. "Ақсүйектер" екінші жартылайфиналдың қатысушсы болатын шығар деген үміт басымырақ.
"Милан" - "Барселона"
Дәл осы теке тірестің тағдыры қалай болмақ деген сауалға ешкім дәл басып жауап бере алмас. Пікір айтудың өзінен де көпшілік қашады. Екеуінің топтық кезеңдегі ойындарын көрген адамға "Барсаға" қарсы жақсы нәтиже көрсететін ұжымдардың ішінде "Миланды" ерекше атап өтер еді. "Барсаға" гол ұруды да, оған қарсы қорғануды да білетін команда секілді. Бірақ, өткендегі "Арсеналға" қарсы өткен жауапты матчтағы қателікті Алеггри тағы қайталаса, "Барса" жартылайфиналда. "Барса" мен "Реал" финалда кездесуіне жақсы мүмкіндік бар. Десе де, теке тіресте кім жеңіп шығатынына бйланысты әркімнің өз ойы бар шығар. Ал, менің пайымдауымша "Миланның" келесі кезеңге өтіп кетуі әбден ықтимал.
Ермұхамед МӘУЛЕН
Біздің серіктес: FONBET