Жарнама
Жарнама

Барса Суарспен келісімшартты тоқтату үшін 14 млн еуро төлеуі керек

Жарнама
Жарнама

"Барселона" Суареспен келісімшартты тоқтатқан жағдайда оған төлеуі тиіс сумманың бағасы белгілі болды.

Каталондық ұжым уругвайлықпен мерзімінен бұрын қоштасқан жағдайда 14 млн еуро төлеуі керек.

Бұған дейін клубтың жаңа тренеры Рональд Куман 33 жасар шабуылшыны келесі маусымда құрамнан көруге құштар емес екенін жеткізген болатын. Ал Суарес болса жағдайды ескере отырып өзіне қызығушылық танытып отқан клубтың бірі туриндік "Ювентуске" тез арада ауысқысы келіп отыр.

Луис каталондық клубтың қатарында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келуде. Өткен маусымда форвард 28 кездесуде 16 гол соғып, 8 нәтижелі паспен көзге түскен болатын. Айта кететін жайт Суарес клуб тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінің үшінші орнына жайғасқан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров