Жарнама
Жарнама

"Барса" - "Жирона" матчы АҚШта өтуі мүмкін

20.11.2018, 01:03
Жарнама
Жарнама
Ла-Лига президенті Хавьер Тебас Испания чемпионатының матчтары АҚШ аумағында өтетініне сенімді. Майами қаласы 26-шы қаңтардағы «Барселона» мен «Жирона» кездесуін қабылдауға дайын көрінеді. Америкадағы спорттық көрмеде сөз алған Тебас аталған ойын 2019-шы жылы өтпесе, одан кейінгі жылы ұйымдастырамыз деді. Бірақ АҚШ аумағында чемпионаттың матчтарын өткізуге ФИФА мен Испания футбол федерациясы қарсылық танытып жатыр. Халықаралық футбол федерациясының басшысы Джанни Инфантино әр елдің ішкі біріншілігі өз жерінде өтуі тиіс дейді. Хавьер Тебас, Испан Ла-Лигасының президенті: - Майами тұрғындары бұл ойындарды үлкен қызығушылықпен асыға тосып отыр. Біз бұл бағытта өте көп жұмыстар атқардық. Ла-Лига АҚШ-та өте танымал. Сондықтан осы жобаны іске асыруға мүдделіміз. Испания чемпионатын жаңа даму деңгейін шығарсақ дейміз. 2019-шы жылы жоспарымыз жүзеге асады деп сенеміз. Егер бұлай болмаса, 2020-шы жылы міндетті түрде ұйымдастырамыз.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров