Жарнама
Жарнама

«Барселона» 2003 жылы Роналдуды сатып алудан бас тартқан

14.01.2021, 01:04
Роналду мен Месси “Барселонада” ойнауы мүмкін еді.
Жарнама
Жарнама

“Барселона” президенттігіне үміткер Жоан Лапорта Iniestazo-ға берген сұхбатында каталондықтардың 2003 жылы Криштиану Роналдуды сатып алудан бас тартқанын айтты:

”Біз Роналдиньо мен Маркесті сатып алмақшы болдық. Рафаның адамдары Криштиану Роналдуды қатарға қосуды ұсынды. Роналду ол кезде “Спортингте” ойнайтын. Агенттердің бірі “Манчестер Юнайтедке” 19 миллион еуроға сатқалы отырған футболшылары бар екенін айтты. Бірақ бізге 17 миллион еуроға сатуға дайын екендерін жеткізді. Біз ақшаны Роналдиньоның трансферіне жұмсап қойдық. Роналду орталық алаңда емес, көбіне қапталда ойнайтын футболшы. Қажетті позицияларды жаптық деп, Роналдудан бас тарттық. Ол үшін өкінбеймін”, – деді Лапорта мырза.

Жоан Лапорта 2003-2010 жылдар аралығында “Барселона” президенті болған. Қазіргі таңда екінші мәрте президент болу үшін бағын сынауда. Президенттік сайлау ағымдағы жылдың 24 қаңтарына жоспарланған.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров