Жарнама
Жарнама

«Барселона» 33 жыл бұрынғы антирекордын қайталады

06.12.2020, 16:26
Ла Лигаға енді шыққан «Кадис» «Реал Мадрид» пен «Барселонаны» тізе бүктірді.
Жарнама
Жарнама

Испания чемпионатының 12-турында "Кадис" "Барселонаны" қабылдады. Кездесу "Рамон де Карранса" стадионында өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды (2:1).

OptaJose порталының хабарлауынша, "Барселона" 10 турда 14 ұпай жинап, Испания чемпионатында соңғы 33 жылдағы ең нашар нәтижені көрсетті. 1987/1988 жылғы маусымда каталондық клуб алғашқы 10 турда 13 ұпай жинаған еді.

Осылайша, "Кадис" 18 ұпай жинап, Ла Лиганың турнирлік кестесінде 5-орынға көтерілді. "Барселона" (14 ұпай) - 7 орында. Турнир кестесінің басында 26 ұпаймен "Атлетико Мадрид" тұр. Екінші орында - "Реал Сосьедад" (24 ұпай).

Испания чемпионатының келесі турында "Барселона" "Левантамен" кездеседі. Матч 13 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров