Жарнама
Жарнама

"Барселона" 7-рет "Камп Ноуда" жеңіліссіз маусым өткізді

23.12.2019, 03:38
Жарнама
Жарнама

Ла Лиганың 18-турында "Алавесті" қабылдаған Эрнесто Вальверде шәкірттері 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осы турдан соң Испан біріншілігі жаңа жылдық демалысқа аттанады. 18-турдың қалған ойындары бүгін өтеді.

Танымал испаниялық статистик Алексис Мартин-Тамайоның Twitter-де хабарлауынша, биыл "блауграна" өз алаңындағы 28 ойынның 24-ін ұтып, 4-еуінде тең түскен. Яғни, өз жанкүйерлерінің алдында алдында жеңіліс көрмеген. Дәл осындай ерекше көрсеткіш клуб тарихында осымен 7-рет қайталанып отыр.

Бұған дейін "Барселона" "Камп Ноуда"
1957, 1959, 1968, 1974, 1975 және 2011 жылдары қарсыласқа есе жібермепті.
Айта кетейік, Каталония командасы 39 ұпаймен бірінші орында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров