"Барселона" басшылғы "Аякс" қақпашысы Андре Онананы сатып алудан дәмелі деп хабарлайды Sport.es басылымы. Қысқы трансферде камерундық футболшыны Лондонның "Челсиі" сатып алғысы келген еді.
Аталған ақпарат көзіне сенсек, "Барселона" негізгі қақпашы Марк-Андре тер Штегенмен бәсекелес болатын ойыншы іздестіріп жатыр. Негізі Андре Ла Масия түлегі.
Биылғы маусымда Голландия чемпионатында 20 ойын өткізіп, 17 гол өткізіп алған. Ал 7 матчта қақпасына гол салғызбаған. Қазіргі келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды. Камерун құрамасы жейдесінде 15 ойын өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET