Жарнама
Жарнама

«Барселона» Артур мен Пьяничті алмастыру туралы келісімге қол жеткізді

24.06.2020, 21:52
Бұл ауысымнан кім пайда көреді, кім зардап шегеді?
Жарнама
Жарнама

Испандық «Барселона» Артурды итальяндық «Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы Миралем Пьяничке алмастыруға келісті, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, мәміленің егжей-тегжейлері келісілген. Екі ойыншының алмасуы нәтижесінде «Ювентус» 10 миллион еуро төлеуге мәжбүр болады. Мәміле 30 маусымға дейін аяқталады деп хабарланған.

Осы маусымда Артур 20 матчта үш гол соқты. Өз кезегінде Пьянич те А сериясының 23 кездесуінде үш голмен көзге түсті. Бұған дейін футболшылармен алмасу туралы келіссөздер фактісін «Ювентус» директоры Фабио Паратичи растаған болатын.

Еске салайық, «Барселона» 31 матчтан кейін Испания чемпионатында көш бастап келеді, алайда «Реал Мадридтің» қоржынында артық бір ойын бар. Ал «Ювентус» болса екінші орында келе жатқан «Лациодан» төрт ұпай алда келеді, бірақ "Лациода" да ойналмаған бір ойын бар.