Леверкузендік «Байердің» шабуылшысы Флориан Вирц мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін. Испаниялық клубтың өкілдері ойыншының агентімен кездесті. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, бұл трансфердің 2022 жылы жүзеге асуы екіталай. Себебі «Байер» ойыншыны 2023 жылға дейін командада қалдырғысы келеді.
Вирц «Байерге» 2020 жылы «Кельннен» 200 000 еуроға ауысып келді. Осы маусымда неміс футболшысы 31 матчта 10 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Оның «Байермен» келісім-шарт мерзімі 2026 жылы аяқталады. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.
Өткен жылы Вирц Германия құрамасында дебют жасап, содан бері төрт матч өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET