«Барселонаны» жаттықтырған 58 жастағы голландиялық маман Рональд Куман қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарлады.
«Барселона» Ла Лиганың 11-ші турында «Райо Вальеканодан» жеңілгеннен кейін клуб басшылығы Жоан Лапортаның жетекшілігімен шұғыл жиын өткізіп, Куманның отставкаға кетуі туралы шешім қабылдаған.
Еске салайық, Куман каталондық клубты 2020 жылдың тамызында тізгіндеген болатын. 2020/2021 жылғы маусымда оның жетекшілігімен «Барселона» Испания чемпионатын 3-ші орынмен аяқтап, ел кубогін жеңіп алды.
Ағымдағы маусымда «Барселона» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орында тұр. УЕФА Чемпиондар лигасында каталондық клуб үш турдан кейін E тобында үшінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET