Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Батені» тас-талқан етті

30.09.2011, 16:50
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар Лигасының 4 дүркін жеңімпазы «Барселона» Минскіде жергілікті «Батені» 5-0 есебімен тас-талқан етті. Үш ұпайды еншілеген командаларды атап өтсек, лондондық «Арсенал» үйінде грекиялық «Олимпиакосты» ұтты, 2-1. «Марсель» «Боруссияны» 3-0 есебімен, «Милан» да өз алаңында «Викторияны» қапы қалдырды, 2-0.
Ал «Челси» «Валенсиямен» 1-1 есебімен тең түсіп, ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Топтық кезеңінің 2-ші турында санктпетерборлық «Зенит» пен Порту арасындағы мачта маңызды кездесулердің бірі болған. Тартысты өткен ойында алғаш болып португалиялықтар сапынан Родригес 10-шы минутта есеп ашса, тағы 10 минуттан соң Роман Широков есепті теңестірді.
Бірінші таймда тең тарқасқан командалар келесі бөлікте бар күшін салуға тырысты. Ішкі біріншілікте көш бастап тұрған «Зенит» өз жанкүйерлерінің алдында намысты қолдан бергісі келмейтінін байқатып, 63 минутта тағыда сол Широков шабуылда ширақ қимылдап, дубль орындады.
Қонақтар алға ұмтылып, болмағанда, минималды ұпайды еншілейміз деген әрекетінен түк шықпады. Керісінше, португалиялық легионер Данни өз отандастарының қақпасына 3-ші гол соғып, петерборлықтарға жеңіс сыйлады. 3-1 есебімен ұтқан Лучано Спалетти шәкірттері бақтарын сынап жүрген «G» тобында 3 ұпаймен екінші сатыға тұрақтады. Айтып өтейік, Чемпиондар Лигасының келесі тур ойындары 18-19 қазанда өтеді.
http://kaztrk.kz/kaz/news/sport/Barselona_Bateni_tas-talkan_etti.html#go
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров