Жарнама
Жарнама

«Барселона» білгенінен жаңылған жоқ

23.12.2013, 05:51
Жарнама
Жарнама
23 желтоқсан сағат 22:00 де «Альфонсо Перес» стадионында Испания біріншілігінің кезекті ойындарының бірі өткен болатын. Нәтижесінде, «Барселона» командасы жергілікті «Хетафе» құрамасын 5:2 есебімен ойсыратта ұтты. Испания Ла Лигасының 17- турында Мартино бастаған жігіттер «Хетафеге» қонаққа келген еді. Басында алаң қожайындарын сәл «еркелетіп» қатарынан екі гол жібергенімен, каталониялықтар соңғы жеңісті өз есептеріне жазды. Эскурдо (10') мен Лопестің(14') қос голына Педро хет-трикпен (34', 41', 43') жауап қайтарса; екінші таймда Фабрагас дубль (68', 72') жасап ойынға нүкте қойды. «Барселона» 17 ойынның 15-інде жеңіске жетіп, 46 ұпаймен көш бастап келеді. Дәл осындай ұпайға ие «Атлетико Мадрид» екінші орында тұр. Ал үшінші сатыдағы «Реал Мадрид» бұлардан сәл алыстап қалды. Еншілерінде - 38 ұпай. Бірақ әзірге бұлардың бір ойыны кем көшбасшылардан. Қуанышхан ӨМІРХАН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров