Жарнама
Жарнама

«Барселона» бразилиялық шабуылшыны қатарына қоспақ

13.07.2022, 17:39
Испаниялық клуб вингер үшін 58+10 миллион еуро төлейді.
Жарнама
Жарнама

«Лидс» «Барселонаның» бразилиялық шабуылшы Рафиньяны сатып алу турады ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Испаниялық клуб вингер үшін 58+10 миллион еуро төлейді. Рафинья жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

25 жастағы бразилиялық шабуылшы «Барселонаға» бүгін, 13 шілдеде қосылады. Рафинья АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізгелі жатқан каталондық клубқа қосылу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындап қойған.

Рафинья өткен маусымда «Лидс» үшін 35 ойында 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Шабуылшының англиялық клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жасалған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров