Жарнама
Жарнама

«Барселона» бразилиялық жартылай қорғаушыға көз тікті

12.01.2022, 15:50
Футболшы испаниялық клубқа ауысу үшін жалақысын қысқартуға дайын.
Жарнама
Жарнама

«Шанхай Порт» клубының жартылай қорғаушысы Оскар мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. 30 жастағы ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Marca басылымы.

Дереккөздің айтуынша, бразилиялық футболшы Еуропаға оралғысы келеді және каталониялық клубта ойнау үшін жалақысын қысқартуға дайын. «Барселона» әлі Оскардың трансфері үшін ешқандай қадам жасаған жоқ, өйткені клуб дәл қазіргі сәтте орталық шабуылшы іздеуде.

Оскар 2017 жылдан бері «Шанхай Порт» клубында ойнап келеді, ол жаққа «Челсиден» 60 миллион еуроға ауысқан болатын. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Оскар Бразилия құрамасына шақыртылды және өз елінің негізгі командасы үшін 48 матч өткізіп, 12 гол соқты, 15 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров