Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Челси» шабуылшысын жалға алмақшы

13.11.2021, 22:03
Неміс шабуылшысы жарақатына байланысты соңғы ойындарға қатыса алмады.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» шабуылшысы Тимо Вернер мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Marca басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, «Барселона» 25 жастағы неміс футболшысына қызығушылық танытуда. Каталондық клуб қысқы трансферлік терезеде шабуылшыны жалға алуды көздеп отыр.

Вернер осы маусымда «Челси» сапында 10 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Тимо Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында «Мальмёмен» болған кездесуде жарақат алып, командасының соңғы 5 матчына қатыса алмады.

Transfermarkt порталы ойыншының құнын 55 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров