Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Челсидің» тәжірибелі қорғаушысына көз тікті

11.07.2022, 01:12
Лондондық клуб футболшы үшін 7 миллион еуро сұрауда.
«Барселона» «Челсидің» тәжірибелі қорғаушысына көз тікті
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» қорғаушысы Сезар Аспиликуэта осы жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

Испаниялық футболшы каталондық клубпен екі жылдық келісім-шартқа отырады деп күтілуде. Соған сәйкес, ойыншының «Барселонадағы» жалақысы жылына шамамен 11 миллион еуроны құрамақ.

Қазір «Барселона» «Челсимен» трансфер сомасы туралы келіссөздер жүргізуде. Лондондықтар футболшы үшін 7 миллион фунт талап етуде.

Аспиликуэтаның «Челсимен» келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда 32 жастағы испаниялық қорғаушы лондондық клуб сапында 47 ойынға қатысып, 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров