Жарнама
Жарнама

«Барселона» футболшысы аяқ киімінің бауын байлай алмайды

22.12.2021, 20:18
Бұл ешқандай ырым, дәстүр емес екен.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» 17 жастағы жартылай қорғаушысы Гавидің алаңға неліктен аяқ киімінің бауын байламай шығатыны белгілі болды.

Журналист Марк Марба Пратстың мәліметіне сенсек, Гави кішкентай кезінен бастап осылай ойнайды екен. Өйткені ол бау байлауды білмейді. Гави осылай ойнауға дағдыланған және бұл үшін мүлдем алаңдамайды. Жас футболшыға аяқ киімінің бауын байлау үшін командаластары көмектеседі.


Гави - «Барселонаның» түлегі. Жартылай қорғаушының клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген.

Ойыншы осы маусымда «Барселонаның» негізгі командасы сапында дебюттік ойынын өткізді. Барлық турнирлерде Гави 21 кездесуге қатысып, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров