Жарнама
Жарнама

«Барселона» Хавиді бас бапкер қызметіне тағайындамақ

03.07.2020, 16:00
Клубта бұрын ойнаған ойыншының бапкер болуы өте дұрыс шешім. Біріншіден, клубтың жағдайын жақсы түсінеді, екіншіден, ойыншылармен тез тіл табыса алады.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» бұрынғы аты аңызға айналған ойыншысы Хави, қазіргі Катарлық "Аль-Садд" клубының бас бапкері Каталондық клубқа келесі маусымда бас бапкер ретінде оралу туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлады Mundo Deportivo журналисі Франсеск Агилар Twitter-дегі парақшасында.

«Барселонаның» қазіргі бас бапкері Энрике Сетьен қызметін маусымның соңына дейін аяқтайды немесе жұмыстан шығарылады, содан кейін оның орнына «Барселона Б» жаттықтырушысы Гарсия Пимьента бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалады.

Дереккөздің хабарлауынша, Хавиді «Барселонаны» баптауға шақырмас бұрын, каталондық клуб ойыншыларының пікіріне жүгінуге тура келген. 40 жастағы "Барселонаның" экс-жартылай қорғаушысына жылына 6 миллион еуро жалақы төленетін келісімшарт ұсынылады.

«Барселона» ойыншылары мен Сетьен арасында 32-ші тур матчы аяқталғаннан кейін («Сельта» 2:2) жанжал туындағаны туралы бұрын хабарланған болатын. Футболшылар кейбір тактикалық шешімдері үшін жаттықтырушыны кінәлады. Ойыншылар бапкердің жеке жұмыс әдістерімен келіспейді. Олар ештеңе өзгермесе, сәттілікке жете алмайтынына сенеді. «Барселона» 33 турда 70 ұпаймен Испания біріншілігінде екінші орында келе жатыр

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров