«Барселонаның» 41 жастағы экс-капитаны, катарлық «Аль-Садд» клубының қазіргі жаттықтырушысы Хави Рональд Куманның орнын басуы мүмкін үміткерлердің тізімінде көш бастап тұр. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, «Барселона» соңғы бірнеше апта бойы Хавимен келіссөздер жүргізген. 48 жастағы Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Роберто Мартинес қосымша нұсқа ретінде қарастырылуда.
Еске салайық, Куман «Барселона» клубын 2020 жылдың тамызында тізгіндеген еді. Өткен маусымында оның жетекшілігімен каталондық клуб Испания чемпионатын 3-ші орынмен аяқтап, ел кубогін жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET