Жарнама
Жарнама

«Барселона» «Интердің» шабуылшысына көз тікті

16.12.2021, 22:37
Каталониялық клуб бар күшін «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Ферран Торресті алу үшін жұмсамақ
Жарнама
Жарнама

«Интер» мен Чили құрамасының шабуылшысы Алексис Санчес қысқы трансферлік терезеде испаниялық «Барселонаға» ауысуы мүмкін.

Бұл ретте каталондықтар бар күшін «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Ферран Торресті алу үшін жұмсамақ, бірақ бұл трансфердің орын алуы екіталай. Себебі, англиялық клуб ойыншы үшін тым көп ақша сұрауда, деп жазады AS порталы.

Қазір каталониялық клуб қолжетімді нұсқаларды қарастыруда, олардың бірі - Алексис Санчес. 2011-2014 жылдар аралығында «Барселона» сапында ойнаған бұл футболшыны бас бапкер Хави жақсы біледі.

Санчес «Барселона» жейдесінде 141 матч өткізіп, 47 гол мен 35 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров