Жарнама
Жарнама

"Барселона" Каталонияға қанша пайда əкеліп жатыр?

17.02.2020, 20:16
Жарнама
Жарнама

PricewaterhouseCoopers консалтингтік компаниясы «Барселонаның» Каталония экономикасына тигізіп жатқан оң әсері жайлы есепті жариялады. Аталған материал клубтың ресми сайтында жарық көрді.

2018 жылдың маусымы мен 2019-дың шілдесі аралығында клубтың арқасында қала 1 млрд 190 млн еуро қаржы тапқан. Бұл Барселона қаласы жалпы ішкі өнімінің 1,46%-ы. Сонымен қоса, клуб 19 451 жұмыс орнының ашылуына сеп болған. Ал бұл қала тұрғындарының 2,65%-ы тұрақты табыс тауып отыр деген сөз.

Сондай-ақ, «Барселона» қала бюджетіне 366 млн еуро аударған. Бұл өз кезегінде қала кеңесінің - 13,8%-ы.

Тағы бір айта кетерлігі ұжым жалпы өңірдің де біраз өркендеуіне жағдай жасаған. Осы аралықта «Барселона» Каталония автономиясына 1 млрд 394 млн еуро (Каталония жалпы ішкі өнімінің 0,57%-ы) табыс түсіріп, 23 531 жұмыс орнын ашқан (Каталония тұрғындарының 0,69%-ы).

Жалпы 2014-2015 жылғы маусыммен салыстырғанда клубтың қала жалпы ішкі өнімінің әсері 31%, жаңа жұмыс орнының 17%-ға артыпты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров