Жарнама
Жарнама

«Барселона» келесі маусымды жаңа бас бапкермен бастайды

27.10.2021, 17:54
«Барселона» неміс бапкерлеріне көз тігіп отыр, Хавиді де шақыруы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" маусым соңында бас бапкерін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл қызметке басты үміткер - "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп, деп хабарлайды Sport.es.

"Барселона" бұл маусымда Рональд Куманға сенім артпақ, бірақ оның "Барселонамен" келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Каталондықтар келесі маусымға дейін екі позицияны күшейтуді жоспарлап отыр: орталық шабуылшы және бас бапкер. Команда үшін Хави әрқашан маңызды нұсқа болып табылады, бірақ бұл жолы Юрген Клоппты шақыру үшін бар күшін салмақ.

Сондай-ақ "Барселона" "Челсидің" бас бапкері Томас Тухельге де қызығушылық танытуда. Бірақ оның лондондық клубпен ұзақ мерзімді келісім-шарты бар.

Естеріңізге сала кетейік, "Барселона" тоғыз турдан кейін 15 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров