Блауграна қонаққа келген "Атлетик" Бильбао ұжымын 4:0 есебімен тізе бүктірді.
2,5 жыл бойы негізгі стадионында өнер көрсете алмай келген "Барселона" бүгінгі матчта Роберт Левандовский көмегімен есепті небәрі 4 минутта ашты. Одан кейін, бірінші таймның қосалық минуттарында Феран Торрес мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда Ханси Флик шәкірттері тағы да 2 гол соқты. Бірінші болып, 48 минутта Фирмин Лопес көзге түссе, енді бір сәтінде қарсылас қақпасын дәл көздеген Феран Торрес дубль авторы атанды. Матч барысында қарсылас тарапқа қарсы дөрекі ойнаған Ойан Сансет алаңнан қуылып тыңды.
Айтпақшы, “Атлетикке” қарсы ойынға Рафинья қатысты. Блауграна жанкүйерлері 31 тамыздан бері алғаш рет Ямаль - Рафинья екілігінің ойынын тамашалауға мүмкіндік алды. Бірақ неміс бапкері Дитер Флик жарақатынан енді айыққан ойыншыны бастапқы құрамда ойнатып, тәуекел еткен жоқ. 28 жастағы бразилиялық кездесудің 81 минутында Дани Ольмоның орнын басты.
Біздің серіктес: FONBET