«Барселона» жазғы трансферлік терезеде жаңа ойыншыларды алу үшін командадағы бірнеше футболшының жалақысын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Marca.
Дереккөздің хабарлауынша, каталониялық клуб дәл қазіргі жағдайда трансфер жасайтын болса, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзады. Осыған байланысты «Барселона» басшылығы команда ардагерлері – Жерар Пике, Серхио Бускетс және Жорди Альбаның жалақысын қысқарту мәселесін талқыламақ.
Альба, Бускетс және Пикенің ағымдағы келісім-шарттары қайта қаралмаса, келесі маусымда «Барселона» өз ойыншыларына жалақы, бонустар мен кейінге қалдырылған төлемдерді есепке алғанда шамамен 100 миллион еуро жұмсауы керек.
Біздің серіктес: FONBET