«Барселона» Испания чемпионатының 28-турында «Осасунамен» болған матчта (4:0) турнир рекордын орнатты, деп хабарлайды OptaJose статистикалық порталы.
Каталондық клуб сапында төртінші голды жартылай қорғаушы Рики Пуч өз атына жазды. Осылайша Ла Лиганың ағымдағы маусымында «Барселона» құрамында гол соққан ойыншылардың саны 22-ге жетті, бұл ХХІ ғасырдағы рекорд болып табылады.
27 турдан кейін «Барселона» Ла Лиганың турнирлік кестесінде үшінші орынға жайғасты. Команда көш басындағы «Реал Мадридтен» 12 ұпайға қалып келеді. Келесі турда «Барселона» дәл сол мадридтік клубпен кездеседі. Матч 20 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET